Жаңалықтар

Ақтау қалалық спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 02.03.2019 жылы «Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» мемлекеттік мекемесінің тәрбиеленушілерінің ұлдар мен қыздар арасында «Тоғыз-құмалақ» ойыны бойынша жарыс өтті.

Еліміздің бірінші ханымы, Қазақстандық балалардың ортақ анасы Сара Алпысқызын «Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» ММ-нің тәрбиеленушілері туған күнімен құттықтап, сәбилік жүректен ізгі тілектерін арнады. Балалар өз өнерімен қолөнер бұйымдарынан сыйлықтар әзірлеп, тілек ағашына ақ ниеттерін жазып ілді.

«Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» мемлекеттік мекемесінде дәстүрлі түрде «Қуан сәби» қайырымдылық акция іс-шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Іс-шараға арнайы шақырылған қонақтар-«Аналар үйі» қайырымдылық қоры, «Казтрансервис» АҚ, «Сбербанк» АҚ, «Каскор-Транссервис» АҚ, «Мы люди-Мы вместе» қайырымдылық қоры, және бала асырап алушы үміткерлермен бала асырап алған ата-аналар, қамқоршылар қатысып, тәрбиеленушілермен қызметкерлерді осы бір ерекше мерекемен құттықтап, ақ тілектерін арнады, сыйлықтар табыс етті. «Қуан сәби» қайырымдылық іс-шарасы балалардың орындауындағы көңілді әндер, әсем билермен жалғасын тапты. Бұл күні әсем киінген, жүздері бал-бұл жанған тәрбиеленушілер ерекше сезімге бөленді.

«Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» мемлекеттік мекемесінде Кеңес әскерлерін Ауған жерінен шығарылуының 30 жыл толуына арналған «Ұрпаққа үлгі болған ерлік» атты Ауған соғысына қатысқан облысымыздың ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

«Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» ММ-де Маңғыстау облыстық қазақ күресі және дзюдо бойынша балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскер, жаттықтырушылармен кездесу ұйымдастырылды. Әдіскер Шомпаев Хасен және бас жаттықтырушы осы мектептің түлегі қазақ күресінен Әлем чемпионатының қола жүлдегері ҚР ХДСШ. Дзюдо және Самбо күресінен ҚР сорт шебері Бурбасов Қайрат өлкеміздегі спорттық бүгінгі күні жетістіктерін видео ролик арқылы балаларға көрсетті. Кездесу барысында балалар жаттығу ережелерімен, іс-қимыл ерекшеліктері жайлы пікір алысты. Тәрбиеленушілерді спортпен айналысуға шақырды.