«Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» мемлекеттік мекемесі туралы мәлімет

 

«Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облыстық акиматының 27.08.2004 жылғы №177 қаулысы бойынша 05.09.2005 жылы ресми түрде ашылды.
Құрушы: Облыстық акимат
Басқарушы: Облыстық білім басқармасы
Мекеменің орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №17 шағын аудан
Білім басқармасының 22.04.2008 жылғы №28 бұйрығы бойынша «Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» мемлекеттік мекемесі

Жалпы жағдайы: Мекеме орналасқан жер көлемі -2291,41м2 шаршы метр,
ғимарат саны -10, оның ішінде:
8 үйде әр түрлі жастағы балалар тәрбиеленуде
2 ғимарат – әкімшілік

Қосымша: трансформаторлық подстанцияға арналған -1,
жылу жүйесін таратуға арналған -1,
күзетшіге арналған-1 ғимарат орналасқан.

«Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» мемлекттік мекемесінің педагогикалық кадрлар жөнінде мәлімет.
Директор 1 - жоғары білімді
Директордың оқу ісі жөнінен орынбасары 1 - жоғары білімді
Директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары 1 - жоғары білімді
Психолог 1 - жоғары білімді
Әлеуметтік педагог 1 - жоғары білімді
Ана тәрбиешілер - 5, 5 - ана тәрбиеші жоғары білімді.

  

«Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» ММ
Мақсаты мен міндеттері:

Жетім, тастанды, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасылық өмірге жақын бағып – күту, тәрбиелеу және Қазақстанның жан – жақты дамыған жеке тұлғасын қалыптастыру, әлеуметтік қоғамға бейімдеу

Міндеттері: - балаларды отбасы жағдайында дербес өмірге тәрбиелеу, оқыту, сауықтыру және рухани – адамгершілік дамуына қалыпты жағдайлар жасау;

  • олардың әлеуметтік қорғалуын, психологиялық – дәрігерлік – педагогикалық оңалуын және

бейімделуін қамтамасыз ету;

  • балалардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету; 
  • психофизикалық жай – күйін нығайту және профилактикалық шаралар жүргізу:
  • балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау; 
  • балалардың болашақ кәсібін дұрыс таңдауына жәрдемдесу;