«Ризашылық» қайырымдылық акциясы
Облыстық балалар ауылы мемлекеттік мекемесінде Қазақстандық балалардың ортақ анасы Сара Алпысқызының бастамасымен жыл сайын «Ризашылық» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып келеді. Тәрбиеленушілердің бал – бұл жанған жүздері шаттыққа бөленіп, көңілді музыка әуенімен әсем безендірілген залдағы мереклік іс – шара жоғары деңгейде өтті.
Бүгінгі «Ризашылық» қайырымдылық акциясы мерекелік іс шарасына облысымыздағы мекемелерден келген: Қарақұдықмұнай ЖШС-нің өкілі, «Ақтау теңіз сауда порты» «ҰК» АҚ-ның өкілі, Маңғыстау облысының жеке сот орындаушылар палатасының басшысы, Маңғыстау облысы филиалының «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» қызметкерлері мен басшысы, №17 орта мектебінен тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары, Маңғыстау облысы филиалының кәсіподақ қоғамдық бірлестігі қызметкерлері, Маңғыстау облысы «Білім басқармасы» ММ-нің Балалардың құқықтарын қорғау және арнайы білім беру бөлімі басшысы-Байдуллаева Шынар Аманғалиқызы қонақтарды және тәрбиеленушерді салтанатты түрде құттықтады. Тәрбиленушілер осы мерекеге үлкен әзірлікпен келгендерін өз өнерлерімен, заманауи үлгідегі киім үлгісімен арнайы жасақталған қолөнер бұйымдары көрмесіндегі көркемдік өнер туындыларымен көпшіліктің назарын аударды.
Іс – шараға қатысушылыр балаларға деген ақ тілектерін білдіріп, тәттілер сыйға тартты. Маңғыстау облысы филиалының «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» басшысы С.Жаксылыков көмек ретінде 60 мың теңгенің сертификатын сыйлады. Жас ұрпақты бір – бірімен дос болуға, әрдайым сыйластық пен құрмет, ризашылық қасиеттерді өз бойына сіңіре білу мақсатында ұйымдастырылған осы іс – шара кім – кімге де үлкен әсер қалдырды. Маңғыстау гумманитарлық колледжінің студенттері тәрбиеленушілермен ойын сауық өткізді.
https://gumoddst.kz/kz/zhanaly-tar/102-blagotvoritelnaya-aktsiya-rizashylyk-2.html#sigFreeId666a478683