Еліміздің бірінші ханымы, Қазақстандық балалардың ортақ анасы Сара Алпысқызын «Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» ММ-нің тәрбиеленушілері туған күнімен құттықтап, сәбилік жүректен ізгі тілектерін арнады. Балалар өз өнерімен қолөнер бұйымдарынан сыйлықтар әзірлеп, тілек ағашына ақ ниеттерін жазып ілді.
Сара Алпысқызының аналық мейіріміне, балалардың жарқын болашағы жолындағы жасап отырған қамқорлық игі істеріне ризашылық білдіріп алғыстарын айтты.