«Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» мемелекеттік мекемесінде 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күніне арналған «Елін сүйген ел басы» атты мерекелік іс – шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Біздің тәрбиеленушілеріміз елбасына, туған халқына Отанына деген сүйіспеншілік сезімін, өздері орындаған патриоттық әндер, өлең – жырлары арқылы шынайы жеткізе білді. Әр отбасы президенттің өмірбаяны, қызметтік жолы, саясаты қаржылы еңбегі жайлы  дайындалған сұрақтарға мүдірместен жауап таба білді. Балаларымыз орындаған «Көк тудың желбірегені», «Туған ел», «Алға қазақ жігіттері», «Атамекен», «Жаса Қазақстан», секілді рухты әндер олардың бойындағы патриоттық сезімді одан әрі молайтып, өз отанына деген махаббатқа бөленгендей әсер қалдырды.

 

.