Жетім, тастанды, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасылық өмірге жақын бағып – күту,

тәрбиелеу және Қазақстанның жан – жақты дамыған жеке тұлғасын қалыптастыру, әлеуметтік қоғамға бейімдеу

 

 Міндеттері: 

- балаларды отбасы жағдайында дербес өмірге тәрбиелеу,

- оқыту, сауықтыру және рухани – адамгершілік дамуына

- қалыпты жағдайлар жасау; 

  • олардың әлеуметтік қорғалуын, психологиялық – дәрігерлік – педагогикалық оңалуын және бейімделуін қамтамасыз ету; 
  • балалардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету; 
  • психофизикалық жай – күйін нығайту және профилактикалық шаралар жүргізу: 
  • балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау; 
  • балалардың болашақ кәсібін дұрыс таңдауына жәрдемдесу;

 

Міндеттер:

  • «Балалар ауылының жағдайындағы өмірлік өзіндік анықталудың рухани негзідері» тақырыбында жұмыстану;
  • Тәрбиеленушілердің спортта, көркем өнерде, қарым-қатынаста, күнделікті өмірде өзін-өзі көрсете алуына, өзінің мүмкіндіктерін ашуға қолайлы жағдай жасау, жетілдіру;
  • Тәрбиеленушілердің өзін-өзі дұрыс бағалай алатын, өзіндік сана сезімінің қалыптасуына жағдай жасау, дамудың ары қарайғы жолын анықтай алатын адам тәрбиелеуге жағдай жасау;
  • Түлектерді еңбек әрекетіне даярлау, кәсіби бағыттылығын анықтауда көмек көрсету, еңбекпен қамтамасыз ету жолдарын қарастыру;
  • Қоғамда қажетті дағдылар мен іс-әрекеттерге, білім мен этикалық ережелерге үйрету;

Сонымен қатар, күнделікті міндеттерге:

  • Балалар ауылының санитарлық жағдайына бақылау жасау, режимдік кезеңдердің орындалуын қадағалау;
  • Алдын ала жоспарланған іс-шаралардың, дәстүрлі тәрбие шараларының орындалуына жағдай жасау;
  • Тәрбиешілердің құжаттарын рәсімдеуін қадағалау;

Демалыс уақыттарындағы тәрбиеленушілердің бос уақыттарын тиімді әрі пайдалы ұйымдастыру .