«Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» мемлекеттік мекемесінде Кеңес әскерлерін Ауған жерінен шығарылуының 30 жыл толуына арналған «Ұрпаққа үлгі болған ерлік» атты Ауған соғысына қатысқан облысымыздың ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
Кештің қадірлі қонақтары Коданов Сайлаубай, Қаражанов Нүркен, Тоқсамбаев Адилбек ағалар қатысушылырға өздерінің Отан алдындағы әскери борыштарын Ауған жеріндегі сұрапылмен сабақтастыра атқарған сол бір қиындығы мен жауапкершілігі қатар кездерден әсерлі де, мағыналы әңгімелер айтып берді. Кеш барысында Ауған соғысының тарихынан сыр шертетін документалды фильм көрсетіліп, арнайы кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Мекеме басшысы Мади Қалашұлы Ауған ардагерлеріне ақ тілек арнап, оларды «Қазақстан патриоты» медалі мен және мақтау грамотасымен марапаттады. Ардагерлермен болған кеш тәрбиеленушілердің орындауындағы ән-жыр, өлеңдер мен жалғасты. Қатысушылыр Ардагерлерге естелік сыйлықтар табыстап, суретке түсті.
«Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» мемлекеттік мекемесінде Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылуының 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған Ұрпаққа үлгі болған ерлік атты өлкеміздегі Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кешінен көрініс.
https://gumoddst.kz/kz/zhanaly-tar/112-rpa-a-lgi-bol-an-erlik.html#sigFreeId84893cc0b9