Балалар ауылында берекелі күзді тойлауға арналған Күзгі бал мерекелік іс- шарасы ұйымдастырылды.
Бүгін Алтын күз мерекесіне әр отбасы ерекше көңіл күймен, үлкен әзірлікпен келген. Әсем безендірілген залда әртүрлі сән үлгісімен киінген қатысушылыр ортаға шығып, өз отбасының атынан өнерлерін ортаға салды. «Күзгі сыйлық» деген атпен балалар табиғи материалдардан жасалған қолөнер бұйымдарынан арнайы көрме әзірлеп, күзгі салаттардан дастархан жайылды. Кішкентай бүлдіршіндер бал тілімен күзгі тілек өлеңдерін айтып, би биледі. Күзгі бал барша тәрбиеленушілерге мерекелік шаттық сыйлап, ерекше әсер қалдырды.
https://gumoddst.kz/kz/zhanaly-tar/97-osh-keldi-altyn-k-z.html#sigFreeId5ee7903297