Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілерімен, қызметкерлері қарттар үйнде болып, қарияларды мерекелерімен құттықтап, қайтты.
Тәрбиеленушілер ата-әжелерге ән-күй, әсем биден шашу шашып, өздері жасаған қолөнер бұйымдарын сыйға тартты. Іс- шараның соңы тәтті тағамдардан әзірленген дастархан басында жалғасын тапты.