«Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» мемлекеттік мекемесінде 1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік ісшара «Бар мейіріміз балаларға» ұйымдастырылып жоғары деңгейде өткізілді.

Бұл мереке балалар ауылында дәстүрлі түрде тойланады. Мақсатымыз: балалардың жеке қасиеттерін дамыту. Бір - бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу. Балалардың фитр матадан жасалған қол өнер бұйымдарынан көрме жасақталды. Жүздері бал-бұл жанған балалар өз өнерлерін ортаға салып, заманауи үлгідегі әндер мен әсем билерін көпшілікке тарту етті.

Мерекелік іс шараға келген қонақтар:

  1. «Кен - Сары», «Меербуш» ЖШС Иркалиева Анар, Қаржы директоры Джонг Санг Ку
  2. «Коммунистік партия» бірінші хатшысы Махамбетова Роза Қарымсаковна, екінші хатшысы Сагындыкова Нұргүл Тулегеновна
  3. «Айком ЛТД» ЖШС кадр бөлімінің маманы Жайшибекова Динара
  4. Қамқоршылық кеңес төрайымы Камшат Айбергенқызы

қатысып балаларға деген жылы лебіздерін білдіріп мерекемен құттықтады.

«Коммунистік партия» бірінші хатшысы Махамбетова Роза оқу жылын жақсы аяқтаған тәрбиеленушілерді мақтау грамотасымен, сыйлықтармен марапаттады.

«Кен - Сары», «Меербуш» ЖШС Иркалиева Анар, Қаржы директоры Джонг Санг Ку «Epson L 800» түрлі – түсті принтер сыйға тартты.