Бiз туралы
«Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» мемлекеттік мекемесі туралы мәлімет
«Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» мемлекеттік мекемесі, Маңғыстау облысының әкімшілігінің 27.08.2004 жылғы №177 қаулысы бойынша 05.09.2005 жылы ресми түрде ашылды.
Құрылтайшы: Маңғыстау облысының әкімдігі.
Басқарушы: Маңғыстау облысының Білім басқармасы.
Мекеменің орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №17 шағын аудан, №2 ғимарат.
Білім басқармасының 22.04.2008 жылғы №28 бұйрығы бойынша «Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» мемлекеттік мекемесі.
Жалпы жағдайы: Мекеме орналасқан жер көлемі -2291,41м2 шаршы метр,
ғимарат саны -13, оның ішінде:
7 үйде әр түрлі жастағы балалар тәрбиеленуде
3 ғимарат – әкімшілік
Қосымша: трансформаторлық подстанцияға арналған -1,
жылу жүйесін таратуға арналған -1,
күзетшіге арналған-1 ғимарат орналасқан.
«Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» мемлекттік мекемесінің педагогикалық кадрлер жөнінде мәлімет.
Директор 1 - жоғары білімді
Директордың оқу ісі жөнінен орынбасары 1 - жоғары білімді
Директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары 1 - жоғары білімді
Психолог 1 - жоғары білімді
Әлеуметтік педагог 1 - жоғары білімді
Ана тәрбиешілер - 7, 7 - ана тәрбиешілер жоғары білімді.
«Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» ММ-нің
Мақсаты мен міндеттері:
Жетім, тастанды, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасылық өмірге жақын бағып – күту, тәрбиелеу және Қазақстанның жан – жақты дамыған жеке тұлғасын қалыптастыру, әлеуметтік қоғамға бейімдеу
Міндеттері - балаларды отбасы жағдайында дербес өмірге тәрбиелеу, оқыту, сауықтыру және рухани – адамгершілік дамуына қалыпты жағдайлар жасау;
олардың әлеуметтік қорғалуын, психологиялық – дәрігерлік – педагогикалық оңалуын және
бейімделуін қамтамасыз ету;
балалардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету;
психофизикалық жай – күйін нығайту және профилактикалық шаралар жүргізу:
балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;
балалардың болашақ кәсібін дұрыс таңдауына жәрдемдесу;