Ақтау қаласы «Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» 1-маусым балаларды қорғау күні мерекесін өте жоғары деңгейде өткізді.
Мерекелік шараға балалар ауылының тәрбиеленушілері, тәрбиешілер, әкімшілік және қонақтар қатысты.
Бағдарлама бойынша төмендегі шаралар қарастырылды:
«1-маусым балаларды қорғау күні» мерекесіне орай Ақтау, Жаңаөзен қаласынан бірнеше мекеме және еріктілер тобы келіп өздерінің балаларға деген сыйлығын сыйға тартып, құттықтауларын жеткізді.
Қуыршақ театрмен бірлескен «Бақытты балалар бейбіт елдің тірегі» мерекелік қойылым болып, соңында ЖК «АЭС» мекемесінің қызметкерлері тәтті балмұздақтар (мороженое) таратып берді. Жеке кәсіпкер Уаисов Олжас Булатбаевичтің ұйымдастырумен «Босфор» кафесіне түскі асқа шақырды.
Мерекелік шара түстен кейінде жалғасып спорттық ойын - сауық бағдарламасы бойынша «Қол күрес», «гір тасы» көтеру спорты бойынша жасөспірімдер арасындағы жарыс (Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және Қ Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай) өткізілді.
Сағат 17:00ден бастап «Отбасы банк» демеушілігімен тәрбиеленушілер қала ішіне «Экскурсия» жасап "Ақбота" ойын сауық кешеніне қыдырды. Мерекелік шара соңында балалардың қуанышына көңіл күй сыйлаған қатысушыларды мекеме басшысы Алғыс хатпен марапаттады.
Бүгінгі шараның жақсы өтуіне, балаларға қуаныш сыйлаған барша ұйымдастырушыларға мекеме атынан алғыс айтамыз.